Бірлік күні жасасын!

Қазақтың байтақ даласы бүгінде 130-дан артық ұлт өкілдеріне ортақ отан болып тұр. Сол себепті де 1 мамыр — халқымыздың бірлігі күні болып есептеледі.
Қазақстанның бірлігі күні Баян жалпы орта білім беру мектебінде де атап өтілді. «Халықтар достығы» атты тақырыбында фестиваль ұйымдастырылды. Мақсаты — Қазақстан халқының бірлігін нығайту, достық пен ынтымақтастықта өмір сүруге тәрбиелеу.

Дата публикации: 01.05.2018